Жарияланған күні: 24.01.2019 17:03
Өзгертілген күні: 13.03.2019 11:28

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жер салығы бойынша барлық төлемдер «Елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы» 104302 БСК түсуі керек
 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2018 жылғы 19 желтоқсандағы  № 1093 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылдың 20 желтоқсанындағы № 17970 санымен тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасынан 104 309 «Елдi мекендердің жерлерiне алынатын жер салығын қоспағанда, жер салығы» бюджеттік сыныптама коды алып тасталынды.

Осылайша, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жер салығы бойынша барлық төлемдер «Елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы» 104302 БСК түсуі керек.

Қазіргі уақытта Комитетпен 104302 және 104309 БСК бойынша бет есептерін біріктіру аяқталды, сонымен қатар 104309 БСК-ын алып тастау бөлігінде 700.00 және 701.01 салық есептілік нысандарына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.   

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 «Салық есептілігі нысандарын және оны жасау ережелерін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізгенше 700.00, 701.01 салық есептілік нысандары бекітілген толтыру ережелеріне сәйкес толтырылады, бұл ретте жер салықтарының сомаларын біріктіру арқылы 104302 БСК жатқызу техникалық жағынан қарастырылған. 

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)