
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Баспасөз релизі
2019 жылдың 27 наурызынан бастап экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» порталы пайдалануға беріледі
Астана қ. 2019 жылдың 26 наурыз
2019 жылдың 26 наурызында Астана қаласында кедендік әкімшілендіру аясындағы экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» порталын айтулы жобалардың бірі пайдалануға енгізу бойынша жиналысы өтті.
Жиналысқа Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің, БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД), «Атамекен» ҰКП өкілдері және сыртқы экономикалық қызметтің өзге де қатысушылары қатысты.
Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев өз сөзінде, сыртқы экономикалық қызметті (СЭҚ) бақылау, реттеу және үйлестіру жүйесін тиімді құру мәселесі, сондай-ақ экспорттық-импорттық операцияларды кедергісіз жүргізу үшін жағдай жасау елдің экономикалық өсімдін еселеуге және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тікелей байланысты екенін атап өтті. Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» қағидасын жүзеге асыру осы мәселені шешудің бір құралдары болып табылады.
Жобана ҚР Қаржы Министрлігі Мемлекеттік Кірістер комитеті және БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) бірлесіп жүзеге асыруда.
«Бірыңғай терезе» енгізудің арқасында СЭҚ қатысушыларға қажетті рұқсат алу және өзге құжаттарды жинау үшін түрлі сатылаға бару керек емес. Кедендік рәсімдерді өту процесстері тездетіледі және жеңілдетіледі, СЭҚ қатысушылардың уақыттар үнемделіп және шығындары азайтылады.
Белгілі бір шешім қабылдауда адами факторды жою арқылы жемқорлық әрекеттерін тыю, кедендік және өзге де мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру мүмкін болмақ.
«Бірыңғай терезе» порталының көмегімен СЭҚ қатысушылары экспорттық-импорттық операциялар үшін қажетті ақпаратты стандарттандырылған түрде бірыңғай интерфецис арқылы ұсына алады. Сонымен бірге портал тауарларды әкелу/әкету үшін қажетті алдын-ала ақпаратты алу мүмкіндігін береді. «Біріңғай терезе» арқылы экспорттық-импорттық операцияларға қажетті барлық рұқсат құжаттарды алу мүмкіндігі ұсынылады, орындалу мәртебесін бақылауға оның ішінде мемлекеттік органдардың жүйелерін интеграциялау арқылы. Шараға қатысушылар порталдың жұмысымен және негізгі элементтерімен танысты, олар:
- электронды рұқсат құжаттарын және лицензияларды алу;
- кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мәртебесін алу бойынша электронды қызмет көрсету;
- электрондық кедендік декларация;
- кедендік алдын ала шешімдерін беру бойынша электрондық қызмет;
- интеграцияланған кедендік тариф;
- анықтама және тізім құжаттары;
- нормативті құқықтық құжаттарды қарау және іздеу.
«Бірыңғай терезе» порталын пайдалануға енгізудің бірінші кезеңі ағымдағы жылдың 27 наурызына жоспарланған.
«Бірыңғай терезе» порталының басты ресми мекен-жайы – www.eokno.gov.kz (www.sw.gov.kz)
Порталдың жұмысына қатысты сұрақтар бойынша https://t.me/eoknokz сілтемесімен Telegram-ға бұқаралық топқа хабарласуларыңызға болады.
Презентацияны мына жерден жүктеп алуға болады.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)