Жарияланған күні: 21.10.2022 17:46
Өзгертілген күні: 21.10.2022 17:47

«Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 1 шiлдедегi № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрінің бұйрығының жобасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес әзірленді.

Аталған бұйрықтың жобасын дайындау мақсаты деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны енгізудің мерзімін ұзарту болып табылады, оның ішінде тарихи деректерді зерттеу процесін қоса алғанда, осы зерттеу ұзақ уақытты алады.

Сондай-ақ пилоттық жобаға қатысушылардың ақпараттық жүйелерін зерделеу нәтижелері оларды талаптарға сәйкес келтіру үшін ағымдағы мерзімдердің жеткіліксіздігін көрсетеді, осыған байланысты, халықаралық тәжірибеде мемлекеттік кірістер органдары мен салық төлеушілер арасындағы кеңейтілген өзара іс-қимылдың жаңа форматын енгізу (пилоттық жоба) орта есеппен төрт жылдан жеті жылға дейін жүзеге асырылады.

Деңгейлес мониторинг платформасын енгізу және әзірлеу қатысушының пилоттық жобаға кіруінің негізгі шарттарының бірі болып табылады. Осыған байланысты өзара іс-қимылдың ақпараттық жүйесін енгізу және (немесе) әзірлеу жөніндегі жұмыстар жобалау алдындағы жұмыстың ажырамас бөлігі болып табылады.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы                       17 қыркүйектегі № 1017 Жарлығына сәйкес және сыбайлас жемқорлық нормаларын болдырмау мақсатында.

Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.

Бұл жоба нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында http://legalacts.egov.kz 2022 жылдың 11 қазанында орналастырылған.

Жобаны жариялы талқылау мерзімі – 2022 жылдың 26 қазанына дейін.