
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
2020 жылғы салық түсімдері бойынша мемлекеттік бюджет жоспарының орындалуы туралы
2020 жылғы мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 102,8%, оның ішінде республикалық бюджет 100,3% және жергілікті бюджет 107,7% орындалды, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде.
Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке түскен салық түсімдері 2019ж. қарағанда 7,1%-ға (немесе 655,3 млрд.теңгеге) төмендеумен 8 561,2 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде республикалық бюджет бойынша 18,4%-ға (немесе 1 259,7 млрд.теңгеге) төмендеді, жергілікті бюджет бойынша 25,4%-ға (немесе 604,4 млрд. теңгеге) өсті.
Республикалық салықтар бөлігінде орындалмау ішкі тауар өндірісіне ҚҚС (13,1%-ға) және үшінші елдерден импортқа ҚҚС (11,3%-ға) бойынша байқалады.
Түсімдер өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда КТС (20,9%-ға), ішкі тауар өндірісіне ҚҚС (10,9%-ға) және үшінші елдерден импортқа ҚҚС бойынша (3,7%-ға) төмендеді.
Төмендеудің себебі сыртқы және ішкі факторларға байланысты экономикалық ахуалдың нашарлауы болып табылады.
2019 жылмен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 34,8%, мырышқа 9,4%, қорғасынға 8,6% және алюминийге 5,3%, бағаның төмендеуі байқалады.
2020 жылы үшінші елдермен тауар айналымы 14,2%-ға (экспорт 19,6%-ға, импорт 2,8%-ға) төмендеді.
2020 жылғы іске асыру бойынша айналымдар 2019 жылмен салыстырғанда 9,7%-ға (102 139 млрд. теңгеден 92 274 млрд. теңгеге дейін) төмендеді.
Көрсетілген кезеңде бір салық төлеушіге онлайн БКМ орташа түсімі 15,6%-ға (48,5 млн.теңгеден 41,0 млн. теңгеге дейін) төмендеді.
2020 жылғы жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері бойынша жоспар 213,4 млрд.теңгеге артық орындаумен, 107,7% орындалды.
ЖБ-ға салық түсімдері 2 985,3 млрд. теңгені құрады, 2019 жылмен салыстырғанда 25,4%-ға (немесе 604,4 млрд.теңгеге) өсті.
Жергілікті бюджет жоспарының артығымен орындалуына корпоративті табыс салығының жергілікті бюджетке берілуі әсер етті.