Жарияланған күні: 03.11.2022 17:17
Өзгертілген күні: 03.11.2022 17:28

      

        2022 жылғы 15 қарашада келесі нысандар бойынша салық есептілігін тапсыру мерзімі аяқталады:

         ф.101.03 - Резиденттің табысына салынатын төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есебі;

         ф.101.04 - Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есебі;

         ф.200 - Жеке табыс салығы және әлеуметтік  салық бойынша декларация;

         ф.300 -  Қосылған құн салығы бойынша декларация;

         ф.400 - Акциз бойынша декларация;

         ф.421 - Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз салық есебі;

         ф.570 - Экспортқа  рента салығы бойынша декларация;

         ф.590 - Пайдалы қазбаларды өндiру салығы  бойынша декларация;

         ф.710 - Ойын бизнесі салығы және тіркелген салық бойынша декларация;

         ф.860 - Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық декларация;

         ф.870 - Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық декларация;

         ф.913 - Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін  декларация.

         Декларацияны ұсыну тәсілдері:

         - «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы (cabinet.salyk.kz);

         - СОӨЖ ақпараттық жүйесі (бағдарламаны МКК сайтынан тегін жүктеп алуға болады);

         - қағаз түрінде.

         Бұл ретте, есептілік тапсырудың соңғы күндерінде ақпараттық жүйе мен байланыс арналарына жүктеменің артуын болдырмау мақсатында салық есептілігін алдын-ала ұсынуға кеңес береміз. Одан бөлек, декларация ұсыну мерзімдерін ұзартуға болатынын еске саламыз.