Жарияланған күні: 15.12.2022 19:09
Өзгертілген күні: 15.12.2022 19:11

Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты 2022 жылғы 16-17 желтоқсанда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды.

Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Тасымалдаушылардан және барлық  шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.