Жарияланған күні: 03.02.2023 12:10
Өзгертілген күні: 03.02.2023 12:20

2023 жылғы 30 қаңтарында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Е.Е. Біржановтың басшылығымен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттерге тауарларды әкету кезіндегі рәсімдерді оңайлату мәселесі бойынша бизнес қоғамдастықтардың өкілдерімен кездесу өтті.

Өткізілген кездесуде кедендік декларациялар, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштер, электрондық шот-фактуралар және тауарлардың шығу сертификаттары (СТ-1, СТ-KZ) бойынша деректерді алу және пайдалану мәселелері талқыланды. Аталған шаралар тауарлар айналымының ашықтығына қол жеткізуге, Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан бақылауды жетілдіруге және тауарларды экспорттау кезінде мемлекеттік шекарадан жедел өтуде адал бизнеске жәрдемдесуге бағытталған.