Жарияланған күні: 19.01.2023 19:41
Өзгертілген күні: 19.01.2023 19:43

Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты  2023 жылғы 21-23 қаңтарда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткіу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды.

Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Тасымалдаушылардан және барлық  шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.