
Құрметті салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитеті назарларыңызға 22.04.2021 жылдың Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 22:00 бастап 23.04.2021 жылдың 00:15 уақытына дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінін регламенттік жаңарту жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.
ТІЖ ресімдеу және ЭШФ жазып беру кезінде процестерді оңтайландыру мақсатында жүйені жаңарту процессі жүргізілетін болады:
1. ТІЖ-дегі Шарттың 44.1 «Нөмірі» жолындағы символдар санының ұлғаюы.
2. ҚР ішінде бастапқы және түзетілген ТІЖ-ні тіркеу кезінде 25 операцияның коды «Өңдеуге жіберілген» үшін 65 өрісінде жеткізушінің түрін «1 - Өндіруші», «2 - Көтерме сатушы», «4 - Импортер» көрсету мүмкіндігін қосу.
3. ТІЖ-де акциз мөлшерлемесін толтыруға API бойынша тексеруді қосу.
4. ТІЖ негізінде жазылған ЭШФ-дағы «Жолға шығу әдісі» 29-жолағының ТІЖ-дегі «Көлік түрі» 39.1-жолағының сәйкестігін тексеру функциясын қосу.
а. ТІЖ-де 39.1 «Көлік түрі» жолында а. «Автомобиль» мәнін толтырған және а2.1. «Тіркеменің мемлекеттік нөмірі» жолында тіркеменің мемлекеттік нөмірін көрсеткен кезде жүйеде 29 «Жолға шығу әдісі» жолында 30, 31 және 32 коды бар ЭШФ мәнін қабылдайтын болады.
Осыған байланысты, көрсетілген уақыт кезеңінде «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінін қол жетімді болмайды.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!