Жарияланған күні: 24.08.2022 19:06
Өзгертілген күні: 24.08.2022 19:07

Елге қауіпсіз өнімді әкелу бойынша барлық уәкілетті органдардың электрондық рұқсат құжаттарын беру бірыңғай қол жеткізу нүктесі арқылы жүзеге асырылады.

Растайтын құжаттар мен мәліметтерді бірнеше рет ұсыну алынып тасталды.

Қызмет алу уақыты 30 күннен 5 күнге дейін қысқартылды.

Бүгінде 6,3 мың пайдаланушы тіркелген.

Ағымдағы жылдың басынан бері: Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті 78 мың, Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 1 045, алдын ала шешімдер 529, Ауыл шаруашылығы министрлігі 117 құжат берді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Азамат Панбаев хабарлады.

«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі тауарларды әкелуден бастап шығаруға дейінгі барлық кедендік процестердің негізгі жүйесі.

Кедендік декларациялар 100% қашықтан, электронды түрде ұсынылады. 4,9 млн.астам кедендік декларация, оның ішінде 4 млн. (82%) – 1 минут ішінде автоматты түрде шығарылды.

Жүйе 24/7 режимінде қолжетімді, бұл ретте декларацияны кеңседен немесе үйден шықпай-ақ кез келген ыңғайлы уақытта ұсынуға болады.