Жарияланған күні: 06.09.2022 11:30
Өзгертілген күні: 06.09.2022 11:32

2022 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Абзал Бейсенбекұлы Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына Дулат Нұрмолдинді таныстырды.

Дулат Нұрмолдин 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мәскеу ауданының Заградовка ауылында дүниеге келген.

Білімі бойынша – инженер-гидротехник, экономист, заңгер, қаржыгер. Омбы мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын, Мәскеу қаласының Қазіргі заманғы гуманитарлық институтын және Көкшетау гуманитарлық-экономикалық университетін аяқтаған.

Еңбек жолын 1992 жылы салық саласында инспектордан бастаған. 1999 жылдан бастап 2008 жыл аралығындағы кезеңде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық органдарында әртүрлі лауазымдарды атқарды, 2008 жылдан бастап 2010 жыл аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің бастығы болды, 2010-2014 жылдары Ақмола облысы бойынша Салық департаментін басқарды, 2014-2015 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды, 2015-2019 жылдары Ақмола облысы Мәслихатының хатшысы болды, 2019 жылғы мамыр айынан бастап Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарды.

А. Бейсенбекұлы жаңа басшы алдында бірқатар нақты міндеттерді, соның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі кешенді жұмысты іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту бойынша шаралар қабылдау міндеттерін белгілеп берді.