Жарияланған күні: 03.04.2023 16:15
Өзгертілген күні: 03.04.2023 16:16

Этил спиртін және алкоголь өнімдері өндіруге, сондай-ақ алкоголь өнімдерін сақтауға, көтерме және бөлшек саудада өткізуге лицензияны алу үшін қандай құжаттар ұсыну керек, Қазақстанда лицензиялық алымның ставкалары қандай?

Өтініштерді қабылдау және лицензиялар беру «электронды үкімет» веб-порталы www.egov.kz (http://internal.elicense.kz) арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру кезінде), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары (алкоголь өнімдерін сақтауға, көтерме және бөлшек саудада өткізуге лицензия беру кезінде) көрсетілетін қызметті берушілер болып табылады.

Алым сомалары белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және уәкілетті мемлекеттік органға тиісті құжаттарды тапсырғанға дейін немесе лицензия алғанға дейін алым төлеушінің орналасқан жері бойынша төленеді (БСК 105402).

Сыра мен сыра сусынынан басқа, этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруге лицензия бергені үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері – 3000 АЕК; сыра және сыра сусыны өндірісі үшін – 2000 АЕК.

Алкоголь өнімдерін сақтауға және көтерме саудада өткізуге арналған лицензия беру үшін лицензиялық алым – 200 АЕК құрайды.

Алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензия бергені үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері:

астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда – 100 АЕК;

аудандық маңызы бар қалаларда және кенттерде – 70 АЕК;

ауылдық елді мекендерде – 30 АЕК.

 

Этил спиртін өндіруге лицензия алу үшін қажетті құжаттар тізбесі (барлық құжаттар электронды түрде ұсынылады):

- өтініш;

- лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

- этил спиртін өндіруші әзірлеген және бекіткен өндіру паспортының көшірмесі;

- этил спиртінің қажетті көлемін өндіруге мүмкіндік беретін, жабдықтың пайдалану - техникалық сипаттамасын қамтитын, жабдық паспорттарының көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш беруші жүргізетін өндірістік қуат есебінің көшірмесі;

- ұйымның теңгеріміне технологиялық жабдықты қабылдау туралы бухгалтерлік (есепке алу) құжаттардың көшірмелері;

- этил спиртін өндіру саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына мәлімет нысаны.

(этил спиртін өндіруге меншік құқығындағы өндірушіге тиесілі стационарлық өндірістік объектілерде және жабдықтарда рұқсат етіледі).

 

Алкоголь өнімдерін өндіруге лицензия алу үшін қажетті құжаттар тізбесі (барлық құжаттар электронды түрде ұсынылады):

- өтініш;

- лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

- алкоголь өнімін өндіруші әзірлеген және бекіткен өндіру паспортының көшірмесі;

- арақтардың, айрықша арақтардың, тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтардың қажетті көлемін өндіруге мүмкіндік беретін, жабдықтың пайдалану-техникалық сипаттамасын қамтитын, жабдық паспортарының көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш беруші жүргізетін өндірістік қуат есебінің көшірмесі;

- ұйымның теңгеріміне технологиялық жабдықты қабылдау туралы бухгалтерлік (есепке алу) құжаттардың көшірмелері;

- алкоголь өнімін өндіру саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына мәлімет нысаны.

Алкоголь өнімдерін өндіруге стационарлық өндірістік үй-жайларда және өндірушіге тиесілі жабдықта рұқсат етіледі, бұдан басқа, алкоголь өнімін өндіруге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен гигиеналық нормативтер бойынша қорытынды (СЭС) алу қажет.

 

Алкоголь өнімдерін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензия алу үшін қажетті құжаттар тізбесі (барлық құжаттар электронды түрде ұсынылады):

- өтініш;

- лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

- денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, денешынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарынан тысқары және аумақтарында орналасқан, меншік құқығындағы немесе уақытша иелік ету (пайдалану), өтеусіз пайдалану құқығындағы, сондай-ақ басқа лицензиатқа берілмеген алкогольдік өнімді сақтауға, қабылдауға және жіберуге ғана арналған қойма үй-жайларға шарт бір жылдан кем мерзімге жасаған жағдайда, жалға алу немесе өтеусіз пайдалану шартының көшірмесі;

- алкоголь өнімдерін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына мәлімет нысаны.

 

Алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензия алу үшін қажетті құжаттар тізбесі (барлық құжаттар электронды түрде ұсынылады):

- өтініш;

- лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

- денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, денешынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарынан тысқары және аумақтарында орналасқан, меншік құқығындағы немесе уақытша иелік ету (пайдалану), өтеусіз пайдалану құқығындағы, тұрақты тұруға қарағанда өзге мақсатқа пайдалануға арналған стационарлық үй-жайларға шарт бір жылдан кем мерзімге жасаған жағдайда, жалға алу немесе өтеусіз пайдалану шартының көшірмесі;

- алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына мәлімет нысаны, электрондық құжат нысанында.