Жарияланған күні: 28.10.2021 15:30
Өзгертілген күні: 28.10.2021 15:34

АҢДАТПА!

«Дара кәсіпкер ретінде жұмысты қалай бастауға болады» тақырыбындағы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің вебинары

2021 жылдың 29 қазанда сағат 16:00-де ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасында тікелей эфирде  «Дара кәсіпкер ретінде жұмысты қалай бастауға болады» тақырыбында вебинар өтеді.

Спикерлер ретінде ҚР ҚМ МКК-нің Арнаулы салық режимдерін және жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметін әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары Ахметова Алтынай Каиржановна және Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының сарапшысы Смагулова Айгуль Сангендиловна сөз сөйлейді.

Спикерлер дара кәсіпкер ретінде тіркелу тәртібін, қандай салық режимін таңдауға болатынын және әрбір салық режимін қолдану тәртібі туралы айтып береді.

Кездесу соңында ҚР ҚМ МКК өкілі вебинар тақырыбындағы сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарды мына нысанды толтыра отырып, алдын-ала жіберуге болады ( сілтеме: https://kgd.gov.kz/kk/content/vebinarga-suraktar-zhiberu-nysany-1 )

Сұрақтарды 2021 жылғы 29 қазанда сағ. 11:00-ден кешіктірмей жолдау қажет.

Тікелей эфирді өткізіп алмау үшін ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасына жазылып, тікелей эфирлер туралы хабарлама келетіндей күйге келтіру қажет. Арнаға мына сілтеме бойынша жазылуға болады: https://youtube.com/user/salykgovkz