Жарияланған күні: 25.06.2021 15:56
Өзгертілген күні: 16.11.2021 18:41

АҢДАТПА!

«Электронды декларациялау орталығы» - пилоттық жобадан басқармаға дейін» тақырыбындағы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің вебинары

 

2021 жылдың 29 маусымында сағат 15:00-де ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасында тікелей эфирде  «Электронды декларациялау орталығы» - пилоттық жобадан басқармаға дейін» тақырыбында вебинар өтеді.

Спикер ретінде ҚР ҚМ МКК-нің «Электронды декларациялау орталығы» басқармасы басшысының орынбасары Хамитов Ерболат Қайратұлы сөз сөйлейді.

Спикер «Электронды декларациялау орталығы» пилоттық жобасының іске қосылғаны, пилоттың мақсаты, өткізу кезеңдері және нәтижелері туралы айтып береді.

Кездесу соңында ҚР ҚМ МКК өкілі вебинар тақырыбындағы сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарды мына нысанды толтыра отырып, алдын-ала жіберуге болады ( сілтеме: https://kgd.gov.kz/ru/content/forma-dlya-napravleniya-voprosov-k-vebinaru-1 )

Сұрақтарды 2021 жылғы 28 маусымында сағ. 16:00-ден кешіктірмей жолдау қажет.

Тікелей эфирді өткізіп алмау үшін ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасына жазылып, тікелей эфирлер туралы хабарлама келетіндей күйге келтіру қаже. Арнаға мына сілтеме бойынша жазылуға болады: https://youtube.com/user/salykgovkz