
АҢДАТПА!
«Оңалту рәсімінің тартымдылығы» тақырыбындағы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің вебинары
2021 жылдың 24 қыркүйегінде сағат 15:00-де ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасында тікелей эфирде «Оңалту рәсімінің тартымдылығы» тақырыбында вебинар өтеді.
Спикер ретінде ҚР ҚМ МКК-нің Берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасы басшысының орынбасары Сисембаева Меруерт Қабдырашитқызы сөз сөйлейді.
Спикер кәсіпкерлік субъектілерімен оңалту рәсімі туралы маңызды ақпаратпен бөліседі.
Кездесу соңында ҚР ҚМ МКК өкілі вебинар тақырыбындағы сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарды мына нысанды толтыра отырып, алдын-ала жіберуге болады ( сілтеме: https://kgd.gov.kz/ru/content/forma-dlya-napravleniya-voprosov-k-vebinaru-1 )
Сұрақтарды 2021 жылғы 24 қыркүйекте сағ. 10:00-ден кешіктірмей жолдау қажет.
Тікелей эфирді өткізіп алмау үшін ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасына жазылып, тікелей эфирлер туралы хабарлама келетіндей күйге келтіру қажет. Арнаға мына сілтеме бойынша жазылуға болады: https://youtube.com/user/salykgovkz




























