Жарияланған күні: 11.11.2021 15:43
Өзгертілген күні: 11.11.2021 15:49

АҢДАТПА!

«Шет мемлекеттерден жеке пайдалануға әкелінген көлік құралдары» тақырыбындағы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің вебинары

2021 жылғы 12 қарашада сағат 16:00-де ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасында тікелей эфирде «Шет мемлекеттерден жеке пайдалануға әкелінген көлік құралдары»  тақырыбында вебинар өтеді.

Спикер ретінде ҚР ҚМ МКК-нің Саудалы емес айналымдар басқармасының бас сарапшысы Намысов Нұрлан Абдижаппарович сөз сөйлейді.

Спикер шет мемлекеттерден жеке пайдалануға көлік құралдарын  әкелгенде қандай міндеттемелер туындайтыны туралы және осындай автокөліктердің ЕАЭО аумағында жүру мерзімі туралы айтып береді.

Кездесу соңында ҚР ҚМ МКК өкілі вебинар тақырыбындағы сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарды мына нысанды толтыра отырып, алдын-ала жіберуге болады ( сілтеме: https://kgd.gov.kz/kk/content/vebinarga-suraktar-zhiberu-nysany-1 )

Сұрақтарды 2021 жылғы 11 қарашада сағ. 18:00-ден кешіктірмей жолдау қажет.

Тікелей эфирді өткізіп алмау үшін ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасына жазылып, тікелей эфирлер туралы хабарлама келетіндей күйге келтіру қажет. Арнаға мына сілтеме бойынша жазылуға болады: https://youtube.com/user/salykgovkz