Жарияланған күні: 11.09.2023 16:05
Өзгертілген күні: 11.09.2023 16:14

2023 жылғы 12 қыркүйекте сағат 10:00-де @press_kyzmet_kgd Instagram парақшасында «Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі» тақырыбында тікелей эфир өтеді.

Сұрақтарға ҚР ҚМ МКК Өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің Жалпыға бірдей декларациялау және жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Хасенова Гульден Сейтахметқызы сөз сөйлейді.

Модератор - Сартаева Айнұр Нұрлашқызы, ҚР ҚМ МКК «Байланыс орталығы» басқармасы басшысының орынбасары.

ҚР ҚМ МКК-нің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына жазылып, ресми ақпаратқа ғана сеніңіз.