Жарияланған күні: 17.04.2023 12:46
Өзгертілген күні: 17.04.2023 12:47

Ірі салық төлеушілерге қатысты жүргізіліп жатқан салықтық әкімшілендіру шеңберінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да 2019 жылға корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын төмендеткендігі анықталды. Бұл туралы Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.

Камералдық мониторинг жүргізу кезінде нақты есептелген корпоративтік табыс салығының мәлімделген аванстық төлемдер сомасынан 20%-дан асып кетуі анықталды.

Осыған байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 278-бабының 3-бөлігі бойынша 1,2 млрд.теңгеден астам айыппұл сомасына әкімшілік материал толтырылды.

Ағымдағы жылдың наурыз айында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ апелляциялық шағымын қарау барысында Қарағанды облыстық соты Департаменттің дәлелдерін қолдады және әкімшілік айыппұл күшінде қалды.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қараша айында Департамент қызметкерлері 2017 жыл үшін осындай бұзушылықты анықтаған болатын, бюджетке 1,3 млрд. теңге көлемінде айыппұл толық көлемде өндірілді.

2017 және 2019 жылдары анықталған бұзушылықтар бойынша айыппұлдың жалпы сомасы 2,5 млрд. теңгеден асты.

Қарағанды облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің Баспасөз қызметі