Жарияланған күні: 18.07.2022 19:46
Өзгертілген күні: 18.07.2022 19:50

Осыған дейін бірқатар алматылық бизнес өкілдері көліктердің бағасы туралы ақпаратпен келіспейтінін білдірген. Осыған орай, Мемлекеттік кірістер комитетінде осы мәсеге қатысты түсіндірме берді.

Мемлекеттік кірістер комитеті тұрақты негізде көлік құралдарының импортын маркалары, үлгілері, әкелінетін елдері, баға диапазондары тұрғысынан талдайды. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін МКК-ның интернет-ресурстарында баға туралы ақпарат жарияланады (сілтемесі: https://kgd.gov.kz/kk/content/bagalyk-akparat-1).

Сонымен қатар, сайтта кедендік төлемдердің ставкаларын қараудың қосымша мүмкіндігі бар, бұл негізінен азаматтарға кедендік төлемдер сомасын алдын-ала есептеуге мүмкіндік береді.

Алайда, бірқатар кәсіпкерлер немесе делдалдар кедендік құнын төмендетіп, бюджет кірісінің көлеміне тікелей әсер етуде. Биыл 1 164 көліктіңқұны 300-ден 3 000 АҚШ долларына дейіндекларацияланбақ болған.

 

Бірнеше мысалдарды қарастырайық.

Грузиядан әкелінген 2020 жылғы Toyota Camry.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар кедендік рәсімдеу кезінде 1 300-ден 17 500 АҚШ долларына дейінгі диапазондағы бағаны мәлімдеген, орташа мәлімделген баға 11 000 АҚШ долларын құрайды.

Грузиядағы автомобильдерді сату сайтында (autopapa.ge) осыған ұқсас тәуір көліктер 20 000-нан 27 000 АҚШ долларына дейін бағаланады. Жарамсыз көліктердің құны 12 000-18 000 доллар аралығында.

 

Олар люкс көліктерінің құнын да төмендетуге тырысуда: 2021 жылғы  Mercedes Benz AMG G63 - $8 500, 2021 жылғы  Toyota Land Cruiser 300 -$15 000, 2021 жылғы LEXUS RX 450H - $4 500дейңгейінде бағасын көрсеткен.

Барлығы 2022 жылдың 1 жартыжылдығында көлік құралдарының құнын 53 миллион АҚШ долларына кемітіп көрсеткені анықталды, олардан 
6,5 миллиард теңге қосымша кедендік баждар мен салықтар алынды.

Егер автокөлік иелері көліктерді сатып алғанынрастайтын құжаттарды ұсынса, онда кедендік рәсімдеу декларацияда мәлімделген құн бойынша жүзеге асырылады.