Жарияланған күні: 22.07.2022 12:44
Өзгертілген күні: 22.07.2022 12:48

2022 жылғы 15 шілдеде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің тең төрағалығымен онлайн режимде Азаматтар мен кәсіпкерлердің салықтық міндеттемелерін орынадау үшін мобильді қосымшалар тақырыбына: «Бір белдеу, бір жол» бастамасының салық қызметтеріне арналған Семинар өткенін хабарлаймыз.

Қазақстан тарапы атынан Арнаулы салық режимдерін және жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметін әкімшілендіру басқармасының басшысы Гүлмира Смағұлова «E-Salyq Azamat» және «Salyq Business» мобильді қосымшалары бойынша презентация ұсынды.

Қытай Халық Республикасы мен Италия Республикасының салық кызметтері де өздерінің салықтық әкімшілендірудегі тәжірибесімен таныстырды.

Семинар жұмысына Қазақстан, Қытай Италия, Алжир, Венгрия және т.б. елдерден 70-тен астам қатысушы қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар салықтық әкімшілендіруді жетілдіру бойынша тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті және «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберіндегі ынтымақтастық салық саласында цифрландыруды дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.