Жарияланған күні: 18.05.2017 10:23
Өзгертілген күні: 18.05.2017 10:28

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Ағымдағы жылдың 16 мамырында Мемлекеттік кірістер комитетінің Экономикалық тергеу қызметі, Ақтөбе облысы бойынша Ішкі істер департаментінің арнайы жасағының қатысуымен, Ақтөбе облысында мұнай өнімдерінің ұрлауымен және оның заңсыз сатуымен айналысатын қылмыстық топтың жолы кесілді. 100 тоннадан астам дизель отыны тәркіленді, 4 адам құрықталды, оның ішінде дәстүрлі емес діни ағымының мүшесі бар. Тінту шаралары басырында 12 мекенжайларда ақшалай қаражат, қару – жарақтар, діни әдебиет, әр түрлі заңды тұлғалардың мөрлерімен штамптары тәркіленді, сонымен қатар мұнай өнімдері сақталатын әуіттеріне сүргі соғылды.

Жедел –тергеу шаралары жалғасуда.

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Бейбітшілік 10)