Жарияланған күні: 19.02.2021 22:18
Өзгертілген күні: 19.02.2021 22:21
ҚР Қаржы министрлігінде жаңа вице-министр тағайындалды. 
Бұл қызметке Бахтияр Кожахметов келді, хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Бахтияр Дюсенбаевич Кожахметов 1985 жылы туған.
 
2007 жылы «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген;
   
2009 жылы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, біліктілігі «Ақпараттық жүйелер магистрі»; 
2011 жылы – Карлов университеті, Прага қаласы, біліктілігі «Демография және демографиялық зерттеулер магистрі»; 
 
 2017 жылы – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, біліктілігі «Құқық бакалавры».
 
Еңбек жолын 2004 жылғы қаңтарда мемлекеттік емес секторда бастаған.
 
2005 жылдан 2012 жылдар аралығында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ түрлі қызметтер атқарды. 
2012-2013 жылдар аралығында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде басқарма басшысы. 
2013-2014 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымында болды.