Жарияланған күні: 18.01.2022 18:03
Өзгертілген күні: 18.01.2022 18:20

Төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалпына келтіру шаралары аясында кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 2022 жылдың ақпанына дейін бақылау шараларына уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. 

2022 жылғы 1 ақпанға дейін мемлекеттік кірістер органдарымен басталған және ұйымдастырылатын салықтық және кедендік тексерулерді, сонымен бірге тауарлар шыққаннан кейінгі кедендік және басқа құжаттар мен мәліметтерді тексерулер уақытша тоқтатылды

Осылайша, 1 ақпанға дейін мемлекеттік кірістер органдарымен басталған барлық тексерулер тоқтатылады. Сонымен бірге, аталған мерзімге дейін мемлекеттік кірістер органдарымен құқық қорғау органдарымен, өз қызметтеріне қатысты кәсіпкерлік субъектілерінің арыздары бойынша тағайындалатын тексерулерді қоспағанда жаңа тексерулерді тағайындалмайды.

Сондай-ақ, 2022 жылғы 1 ақпанға дейін мемлекеттік кірістер органдары камералдық бақылау жүргізуді, сондай-ақ оның нәтижелерібойынша камералдық бақылау бойынша хабарламалар мен салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды қалыптастыруды уақытша тоқтатты.