Жарияланған күні: 01.07.2021 17:06
Өзгертілген күні: 16.11.2021 18:28

 

 

ЖК мен заңды тұлғалардың банктікшоттары, егер салық берешегі 17 мың теңгеденкем болсажабылмайдыЖаңашылдықкәсіпкерлікті қолдауға бағытталғанБұл туралыҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістеркомитеті хабарлады

 

Салық заңнамасына (Салық кодексінің 118-бабы) өзгерістер енгізілді, оған сәйкес заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің және жеке практикамен айналысатын адамдардың банк шоттары бойынша шығыс операциялары салық берешегі 6 АЕК (2021 жылы 17,5 мың теңге) мөлшерінен асып кеткен жағдайда ғана тоқтатыла тұрады. 

Бұл өзгерістер 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Бұлардан тыс, салық төлеуші салық органының салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінде көрсетілген салық берешегінің сомасын өтеген жағдайда, банк мемлекеттік кірістер органынан өкімді кері қайтарып алуды алғанға дейін банк шоттары бойынша шығыс операцияларын дербес жаңартуға құқылы. 

Жоғарыда көрсетілген өзгерістер МКК және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерін пысықтау қажеттілігіне байланысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне(Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 24 маусымдағы Заңымен өзгерістер мен толықтырулар қабылданды» - деп толықтырдыМКК-де.