
«Біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 191 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрық жобасының Баспасөз релизі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен «Біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 191 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрық жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.
Жоба «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкестендіру мақсатында әзірленді, оған сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Бұл Жоба http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына 2022 жылдың 27 маусымында орналастырылған.
Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2022 жылдың 12 шілдесіне дейін.