Жарияланған күні: 05.04.2023 16:39
Өзгертілген күні: 05.04.2023 17:45

Құрметті пайдаланушылар!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі-МКК) мынаны хабарлайды.

2023 жылғы 13 сәуірге дейін созылатын "Бірыңғай деректер қоймасы" ақпараттық жүйесін қалпына келтіру бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты салық төлеушілер үшін МКК АЖ бойынша мынадай сервистер қол жетімді болмайды:

МКК веб Порталы

  • Бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірі бойынша бақылау чегін тексеру;
  • сенімсіз салық төлеушілерді іздеу;
  • анықтамалықтарды қарау;
  • шетелдік көздерден ақша және (немесе) өзге де мүлік алушы тұлғалар туралы мәліметтер;
  • НААжаңарту;
  • 230.00 СЕН тексеру;
  • қайтарылған хабарландыруларды іздеу;
  • тәуекел дәрежесін тексеру.

ОСДШ

  • Салық төлеушілердің тіркеу деректерін уақтылы жаңартпау.

ЭШФ

  • ЭШФ АЖ-да СТ бойынша өзекті емес мәліметтерді көрсетуге болады (ЗТ және ЖК мынадай тіркеу деректері ауысқан жағдайда: басшы, атауы, ҚҚС, мекенжайы, банк деректемелері; СТ мәртебесі өзгерген жағдайда);
  • ЭШФ АЖ-да 328.00 СЕН бойынша мәліметтерді өзектендірудің болмауы.

СЕӨЖ

  • Камералдық бақылау хабарламасының орындалу мәртебесі туралы ақпарат алынғаны туралы растау.

СТҚ

  • Камералдық бақылау жөніндегі хабарлама, оның ішінде оқылғаны туралы растау;
  • e-mail арқылы хабарлама жіберуге сұрау салу;
  • БДҚ АЖ-да хабарлама бойынша түсініктемелер жіберу және БДҚ АЖ-дан растау алу;
  • хабарлама бойынша кері байланыс жіберу және алу;
  • камералдық бақылау хабарламасының орындалу мәртебесі туралы ақпарат алынғаны туралы растау;
  • қызметті тоқтата тұруға арналған салықтық өтінішті өңдеу нәтижелері;
  • шешім бланкілерінің мәртебесі.

БСАЖ

  • БДҚ АЖ-да қойылған орындалған хабарламалар бойынша салық төлеушілердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдердің күшін жою (РПРО-ны кері қайтарып алу).