Жарияланған күні: 08.08.2019 19:12
Өзгертілген күні: 08.08.2019 19:14

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

БИЗНЕСТІ «КӨЛЕҢКЕДЕН» ШЫҒАРУ БОЙЫНША ЖҰМЫС САЛЫҚ-КЕДЕН САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫҢ ҮЛЕСІН ҚЫСҚАРТУ ЖОЛЫМЕН ЖҮРГІЗІЛУДЕ

 

ҚР Қаржы бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов пен Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев Үкіметтегі баспасөз конференциясында көлеңкелі экономика деңгейін төмендету шаралары туралы хабарлады.

Б.Шолпанқұлов атап өткендей, бизнесті «көлеңкеден» шығару бойынша жұмыс салық-кеден саясатын жетілдіру және қолма-қол ақшаның үлесін қысқарту жолымен жүргізілуде.

«Өткізілетін іс-шаралар салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыруға, ақпараттық жүйелерді ықпалдастыруға негізделген, онда «Тауарларды таңбалау», «Электрондық шот-фактуралар», «Виртуалды қойма», «Тәуекелдерді басқару жүйесі», Онлайн-касса енгізу және т. б. сияқты ақпараттық жүйелерді дамыту бастамаларын іске асырудан үлкен нәтиже күтіледі.

Тауарларды қадағалау жүйесін құру экономиканы контрафактілік өнімдерден қорғауға мүмкіндік береді» деп Қаржы министрлігінің бірінші орынбасары атап өтті.

«Электрондық шот-фактуралар» АЖ тауарлардың соңғы тұтынушыға дейін қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді, «Виртуалды қойма» модулі автоматты режимде тауар қозғалысының процесін қадағалауға мүмкіндік береді.

Заттай қадағалау бөлігінде тауарларды таңбалау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Пилоттық жобаның нәтижесінде, тері бұйымдары бойынша 
2018 жылы табыс 1,5 есеге артты. Қазір темекі өнімдері және алкоголь өнімдері бойынша пилот жүргізілуде.

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын орта бизнес үшін салықтық амнистия бойынша жұмыс басталды. Онда 90 мың салық төлеушілердің салықтық амнистияға жататын берешегі бар. Онын ішінде 45% оны пайдаланған.

Блокчейн технологиясы арқылы ҚҚС бақылау шотын пайдалана отырып, ҚҚС-ті әкімшілендірудің жаңа әдісі енгізілді.

ҚҚС бақылау шотын пайдаланатын салық төлеушілерге қатысты қосылған құн салығын қайтару кезінде салықтық тексерулер алынып тасталады және қосылған құн салығын қайтару мерзімі 55-тен 15 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап онлайн-бақылау кассалық машинасын қолдануға жаппай көшу тауарлар қозғалысын қадағалаудың соңғы кезеңі болып табылады. Бұл рейдтік тексерулерден камералдық бақылау жүргізуге көшуге әкеледі.

Бұдан басқа, Еуразиялық Экономикалық Одақ аумағы бойынша Тауарлар транзитінің бірыңғай жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қырғызстаннан Ресей Федерациясына тауарлар транзитін бақылау мақсатында навигациялық электрондық пломбаларды пайдалану бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

Көлеңкелі айналымды төмендету бойынша министрліктің негізгі міндеттерінің бірі айналы кедендік статистика бойынша алшақтықты төмендету болып табылады.

Үшінші елдерден импортталатын тауарлар түсімінің 30% Қытайдан шыққан тауарларға тиесілі. Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚХР Бас кеден басқармасы арасында онлайн режимінде электронды ақпарат алмасу бойынша тиісті өзара ынтымақтастық туралы хаттамаларға қол қойылды.

Ұсынылған бастамалардың тиімділігі 800 млрд. теңге түрінде бюджетке қосымша түсімдер болады деп күтілуде.

Іске асырылып жатқан бастамалар мен қабылданып жатқан шаралар көлеңкелі экономиканы қысқартуға, бюджетке салық және кедендік түсімдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді.

 

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)