
2023 жылғы 22-24 маусымда Бельгия Корольдігі, Брюссель қаласында Дүниежүзілік кеден ұйымының штаб-пәтерінде, ДКҰ-ның жоғарғы жұмыс органы Кедендік ынтымақтастық кеңесінің 141/142-ші сессиялары өтті. Кеңес отырысына Дүниежүзілік кеден ұйымына мүше 185 елдің кеден қызметінің бірінші басшылары қатысты. Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов мырза басқарды.
Бахрейн Корольдігі Кеден қызметінің президенті және ДКҰ Кеңесінің өкілеттігін аяқтап жатқан төрағасы Ахмед бен Хамад Әл Халифа мырзаның жетекшілігімен Кедендік ынтымақтастық кеңесінің 2023 жылғы сессияларында ДКҰ жыл ішінде атқарған жұмыстары қаралды. Талқылаулар халықаралық стандарттарға, жетекші құжаттарға және трансшекаралық сауданы басқаруды жақсарту мақсатында ДКҰ-ның әртүрлі жұмыс органдары әзірлеген ұсынылған практикаға арналды.
Кеңес кеден жұмысының әртүрлі салаларын, институционалдық дамуды, шығарылған елі қағидаларын, кедендік бағаны, тауарларды жіктеуді, сауда рәсімдерінің талаптарын сақтауды және оңайлатуды қоса, сондай-ақ бюджеттік және қаржылық мәселелерді талқылауға бағытталды.
Кеңес 2022-2025 жылдарға арналған стратегиялық жоспарды іске асыруда, әсіресе технологиялар мен инновациялар, «жасыл кеден», басқару және есеп беру сияқты негізгі салаларда қол жеткізілген жетістіктерді назарға алды.
Кеден қызметі экологиялық проблемаларды шешу сөзсіз қажет екендігін мойындай отырып, Кеңес «Жасыл кеден» іс-қимыл жоспарын мақұлдады. Бұдан басқа, Кеңес пайдаланылған майлардың, Роттердам конвенциясына сәйкес бақыланатын кейбір заттардың және әзірлеуге, өндіруге, запастарды жинақтауға және химиялық қаруды пайдалануға тыйым салу туралы және оларды жою туралы Конвенцияға сәйкес бақыланатын заттардың өткізілуіне бақылауды жақсартуға бағытталған Үйлестірілген жүйенің (ҮЖ) үш ұсынымдарын қабылдады.
Делегаттар ДСҰ-ның тұрақсыз шекаралар мен қаралып отырған нарзылық жағдайлар бойынша жақын арада әзірленген Іс-қимыл жоспарын қолдайтындарын білдірді, кеден қызметінің осындай жағдайларға бейімделуінің маңыздылығын атап өтті.
Басқару және есеп беру саласында Кеңес ДКҰ Жаңғырту жоспарын әзірлеуде қол жеткізілген жетістіктерді назарға алды және ДКҰ Хатшылығының теңдік және алуан түрлілік бойынша Жұмыс жоспарын мақұлдады.
Кеңес 2023-2024 жылдарға арналған Іске асыру жоспарын, сондай-ақ келесі қаржы жылына жоспарланған іс-шараларды мақұлдады және ДКҰ Қаржы комитетінің бюджеттік ұсыныстарын қолдады. Бұл шешімдер Хатшылықтың ДКҰ мүшелерін қолдау бойынша өз жұмысын жалғастыруына мүмкіндік береді.
Сессиялар барысында Дүниежүзілік кеден ұйымының мүшелері Америка Құрама Штаттарынан келген Ян Сондерс мырзаны 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап бес жылдық мерзімге ДКҰ-ның жаңа Бас хатшысы етіп сайлады. ДСҰ Кедендік ынтымақтастық кеңесінің төрағасы болып Оңтүстік Африканың Кірістер қызметінің Комиссары Эдвард Кисветтер мырза сайланды. Сонымен қатар, жаңа өңірлік Вице-Төрағасы тағайындалды. Құрамына Қазақстан кіретін Норвегия Корольдігі ДСҰ Еуропалық өңірінің Вице-Төрағасы болды.
Кеңестің Қазақстанды Дүниежүзілік кеден ұйымы Саяси комиссиясының мүшесі етіп сайлау туралы шешімі Қазақстан үшін маңызды жетістік болды. ДКҰ Саяси комиссиясының мүшелігіне сайлану Қазақстанның халықаралық кеден қауымдастығының маңызды мүшесі екенін, сондай-ақ оның кеден саласын дамыту мен ықпал етуге белсенді қатысуын растайды.
Қазақстанның ДСҰ Саяси комиссиясына қосылуы елдің кеден мәселелеріне қатысты саяси шешімдерді әзірлеу мен қалыптастыруға белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Қазақстан өз мүдделерін білдіруге және халықаралық кедендік ынтымақтастықты неғұрлым тиімді және үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндігіне ие болады.