Жарияланған күні: 04.02.2021 09:50
Өзгертілген күні: 04.02.2021 09:51

Былтырғы жылға жоспарлаған бюджет кірістері асыра орындалды

 

Өткен жылы мемлекеттік бюджеттің кірістері жөніндегі жоспар 102,4%-ке, республикалық бюджет 100,1%-ке, жергілікті бюджет 108%-ке орындалды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев баспасөз конференциясы барысында атап өтті.

Сөзінше, 2019 жылға қарағанда Комитеттің құзыретіндегі мемлекеттік бюджеттің кірістері пандемияға қарамастан іс жүзінде бұрынғы деңгейде қалды, республикалық бюджет 608 млрд. теңгеге төмендеді, жергілікті бюджет 604 млрд. теңгеге өсті.

«Республикалық деңгейдегі түсімдердің төмендеуі экономикадағы қалыптасқан жағдайға, сондай-ақ пандемияға қатысты шектеулерге байланысты», - деді М.Сұлтанғазиев.

Алдын ала деректер бойынша ЖІӨ 2,6%-ке, тауар айналымы 14%-ке төмендеді. Өткізу бойынша айналым 9,7%-ға, оның ішінде ірі кәсіпорындар бойынша 25%-ға азайды, деді Комитет төрағасы.