
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Дәрілік заттар айналымының қадағалануы пилоттық жобасын өткізу бойынша
Нұр-Сұлтан қ. 18 қыркүйек 2020 ж.
Құрметті салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендіру мақсатында кез келген нысандағы дәрілік заттар айналымын қадағалаудың пилоттық жобасының жүргізілуін хабарлайды. (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы
8 қыркүйектегі № 833 «Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде Қазақстан Республикасының аумағында бақыланатын кез келген нысандағы дәрілік заттарды әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11.09.2020 ж. №21192 болып тіркелген, 2020 жылдың 27 қыркүйегінен бастап күшіне енгізіледі).
Пилоттық жобаның мерзімі 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін.
Бұл Пилоттық жоба салық төлеушілердің қосылған құн салығы бойынша тіркеуге тұруына қарамастан, бөлшек саудаға дейін барлық сатыларда өндірілген және импортталған дәрі-дәрмектерді сату кезінде электрондық шот-фактуралар жасау міндеттемесін, ал жеке тұлғаларға бөлшек саудада сату кезінде кез-келген формадағы дәрі-дәрмектер атауын көрсете отырып, бақылау-кассалық машинасының чегін беруді қарастырады.
Сонымен қатар, өткізілетін Пилоттық жоба шеңберінде ҚҚС төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілерге ЭШФ бермеген жағдайда әкімшілік жауапкершілік шаралары қарастырылмағанын атап өтеміз.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі