Жарияланған күні: 14.10.2021 18:49
Өзгертілген күні: 14.10.2021 19:08

АҢДАТПА!

 

«ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалардың қолма-қол ақшасын алып өту тәртібі» тақырыбындағы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің вебинары

2021 жылдың 15 қазанда сағат 16:00-де ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасында тікелей эфирде  «ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалардың қолма-қол ақшасын алып өту тәртібі» тақырыбында вебинар өтеді.

Спикер ретінде ҚР ҚМ МКК-нің саудаға жатпайтын айналым басқармасының бас сарапшысы Жабатаев Руслан Әзретұлы сөз сөйлейді.

Спикер ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалардың қолма-қол ақшасын алып өту тәртібі, оның ішінде декларациялау тәртібі, қолма-қол ақшаны және ақша құралдарын дұрыс декларацияламау үшін жауапкершілік туралы  айтып береді.

Кездесу соңында ҚР ҚМ МКК өкілі вебинар тақырыбындағы сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарды мына нысанды толтыра отырып, алдын-ала жіберуге болады ( сілтеме: https://kgd.gov.kz/kk/content/vebinarga-suraktar-zhiberu-nysany-1)

Сұрақтарды 2021 жылғы 15 қазанда сағ. 10:00-ден кешіктірмей жолдау қажет.

Тікелей эфирді өткізіп алмау үшін ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасына жазылып, тікелей эфирлер туралы хабарлама келетіндей күйге келтіру қажет. Арнаға мына сілтеме бойынша жазылуға болады: https://youtube.com/user/salykgovkz