Жарияланған күні: 27.10.2021 16:12
Өзгертілген күні: 27.10.2021 16:29

2021 жылғы 25 - 27 қазан аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Экспорттық бақылау басқармасымен бірлесіп «Экспорттық бақылау» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.

Іс – шараның мақсаты – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін нығайту, халықаралық қатынастардың тұрақты және қауіпсіз жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесу, халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, жаппай қырып-жою қаруы мен оны жеткізу құралдарының таралуын болдырмау.

Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.

26 қазан күні сағат 10.00-де семинар тыңдаушылары үшін Polycom ВКС арқылы Instagram (@oao_mkk_kz) тікелей эфирі арқылы дәріс оқылды.

Іс-шарада ҚР ҚМ МКК ОӘО Біліктілікті арттыру және қайта даярлық бөлімінің басшысы Абдраймов Бақытбек Игибаевич модератор жұмысын атқарды. Дәріскер ретінде:

Мусульманбеков Чингиз Маратович – ҚР ҚМ МКК Аудит департаменті Экспорттық бақылау басқармасының сарапшысы.

Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша 106 қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.