Жарияланған күні: 28.12.2021 19:19
Өзгертілген күні: 28.12.2021 19:36

Құрметті салық төлеушілер!

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Сіздің назарыңызға 28.12.2021 жылы Нұр-сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 22:00-ден 29.12.2021 жылы сағат 00:15-ке дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде жүйені жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілетінін жеткізеді.

Жүйені жаңарту келесі функционалды қосу мақсатында жүзеге асырылады:

  1. Контрагенттің ЖСН/БСН көрсете отырып, бөлшек саудада ЭШФ жазып беру және жеткізушінің виртуалды қоймасынан (бұдан әрі – ӘК) алушының виртуалды қоймасына тауардың қозғалу мүмкіндігі
  • 20 «I. Бөлшек саудада өткізу» жолында алушының санаты бар негізгі ЭШФ жазып беру кезінде жүйе 16 «ЖСН/БСН», 16.0 «Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің БСН», 16.1 «Қайта ұйымдастырылған тұлғаның БСН» жолында тауар алушының деректемелерін толтыруға мүмкіндік береді.
  • Алушының I «Бөлшек сату» санаты бар түзетілген, қосымша ЭШФ жазып берген кезде 16 «ЖСН/БСН», 16.0 «Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің БСН», 16.1 «Қайта ұйымдастырылған тұлғаның БСН» жолдары өзгерту мүмкіндігінсіз негізгі ЭШФ-ға сәйкес келуі тиіс.
  • 32.1-жолда ТІЖ тіркеу нөмірі болмаған кезде алушының I «Бөлшек сату» санаты бар және тауарды алушының ЖСН/БСН толтырылған ЭШФ. «Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуді растайтын құжаттың нөмірі» және ВҚ-нан тауарларды таңдау жеткізушінің ВҚ-нан алушының ВҚ-на тауардың қозғалысы жүзеге асырылатын болады.
  • Тауарды алушыдан қайтару қажет болған жағдайда, жеткізуші қайтаруға қосымша ЭШФ жазып береді.
  1. Контрагенттің ЖСН/БСН көрсете отырып, ТІЖ-ді бөлшек саудада ресімдеу
  • 26 «Бөлшек сату» өрісінде алушының санаты бар бастапқы ТІЖ ресімдеу кезінде жүйе 22 «ЖСН/БСН», 24 «Құрылымдық бөлімшенің БСН», 25 «Қайта ұйымдастырылған тұлғаның БСН» өрістеріне тауар алушының деректемелерін толтыруға мүмкіндік береді.
  • Алушының «Бөлшек саудада өткізу» санатымен түзетілген ТІЖ ресімдеу кезінде 22 «ЖСН/БСН», 24 «Құрылымдық бөлімшенің БСН», 25 «Қайта ұйымдастырылған тұлғаның БСН» жолдары өзгерту мүмкіндігінсіз бастапқы ТІЖ-ға сәйкес келуі тиіс.
  1. ТІЖ және ЭМС актісі негізінде бір мезгілде ШФ жазып беру
  • ТІЖ және ЭМС актісі негізінде ЭШФ жазып беру бір мезгілде «Қаралған жоқ», «Жеткізілді», «Расталды» мәртебелерінде ТІЖ негізінде, сондай-ақ «Құрылған» мәртебесінде ЭМС бекітілген актілері негізінде жүргізіледі.
  • ТІЖ және ЭМС актісі негізінде ЭШФ дұрыс жазып беру үшін F бөлімінде шарттың бірдей нөмірі мен күнін қамтитын ТІЖ және ЭМС актісін таңдау қажет.
  • Шарт (келісімшарт), алушының ЖСН/БСН бірдей ТІЖ-де С. Реквизиттер, деректемелер, ЭМС актісінде D. Тапсырыс берушінің (алушының) деректемелері  бөлімі.
  • "1", "2", "3", "4", "5" шығу белгілері бар ТЖҚ бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер ТІЖ деректеріне сәйкес толтырылады, осы тауарлар бойынша ЭМС актісімен қосымша мынадай жолдар салыстырылады:
  1. Өлшем бірлігі;
  2. Саны (көлемі);
  3. Жанама салықтарсыз тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін баға (тариф).
  • ТІЖ және ЭМС актісі негізінде ЭШФ жазып беру үшін 7. «ҚР аумағына тауарларды әкелу», 8. «Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкету», 9. «Тауарды тасымалдау» белгісі бар ТІЖ таңдауға тыйым салынады.
  • ТІЖ және ЭМС актісі негізінде ЭШФ жазып беру үшін «Қабылдаудан бас тартылды» мәртебесінде ЭМС актілерін таңдауға тыйым салынады.
     

Көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қолжетімді болады.