Жарияланған күні: 11.11.2021 17:46
Өзгертілген күні: 11.11.2021 17:59

Құрметті салық төлеушілер!

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Сіздің назарыңызға 11.11.2021 жылы сағат 22:00-ден 12.11.2021 жылы сағат 02:00-ге дейін Нұр-сұлтан уақыты бойынша "электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілетінін жеткізеді.

Жүйені жаңарту келесі функционалды қосу мақсатында жүзеге асырылады:

          1) ЭШФ және ЕАЭО елдеріне экспортқа арналған басқа да тауарға ілеспе құжаттарды куәландыру функционалы.

2021 жылғы 12 қарашадан бастап қағаз нұсқамен қатар пилоттық мерзімде ЭШФ-ны және ЕАЭО елдеріне экспортқа арналған басқа да тауарға ілеспе құжаттарды куәландыру процесін автоматтандыру бойынша функционал енгізілетін болады. ЭШФ АЖ-да ЭШФ және басқа да тауарға ілеспе құжаттар бойынша қадағалану паспорты қалыптастырылатын болады және куәландыру мәртебесімен тиісті журналда сақталатын болады. Осы функционалдың арқасында куәландыру үшін құжаттарды тексеру процесі жеделдетіледі, атап айтқанда Жүйемен автоматты түрде тексерілген және расталған ЭШФ-ға МКО мөрі қосымша тексерулерсіз қойылады. Сондай-ақ, салық төлеушілер қадағалау паспортын және/немесе олардың түпнұсқалығын тексеру үшін берілген QR-кодты жүктей алады.

         2) ТІЖ бойынша тауарды қайтару және СЕН 328.00 түзету сенімен тауарды қайтарғаннан кейін салыстыру кезінде импорттық ТІЖ-мен 328.00 СЕН салыстырудың күшін жою тетігін қосу, сондай-ақ 328.00 СЕН ауыстыру кезінде қалдықтардағы көзді өзгерту.

328.00 СЕН ЭШФ АЖ-ға "ауыстыру әдісімен кері қайтарып алынды" немесе "жою әдісімен кері қайтарып алынды"мәртебесі бар келіп түскен кезде. ТІЖ және СЕН 328.00 салыстыру нысаны автоматты түрде жойылады.

328.00 СЕН-ын "ауыстыру әдісімен кері қайтарып алынды" мәртебесімен алған кезде импортқа ТІЖ -ты және 328.00 СЕН-ын қайта салыстыру мүмкіндігі берілетін болады.

328.00 Сен "ауыстыру әдісімен кері қайтарылды" мәртебесімен алған кезде және импортқа ТІЖ негізінде қайтаруға ТІЖ болған кезде импортқа ТІЖ салыстыру және 328.00 СЕН қайтаруға ТІЖ санын ескере отырып жүргізілетін болады.

        3) ТІЖ бланкісінің 39.1 "көлік түрі" жолындағы "Өзгелер" мәнін қосу.

Импортқа арналған ТІЖ-дан басқа, ТІЖ-де "көлік түрі" бөлімінде "өзгелері" көлік түрін көрсету мүмкіндігі Қосылды (7-бөлім. ҚР аумағына тауарларды әкелу). ТІЖ негізінде ЭШФ жазып беру кезінде G белгісінің болуы; өзгелері ЭШФ-ға "жөнелту тәсілі" деген 29-жолда 99 "өзгелері" немесе 90 "тауар ретінде өз бетімен қозғалатын көлік құралы"көлігін көрсетуге жол беріледі.

 

Көрсетілген уақыт аралығында "электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесі қолжетімді болмайды.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!