Жарияланған күні: 24.08.2022 19:09
Өзгертілген күні: 24.08.2022 19:10

«Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі -қашықтан әкімшілендірудегі барынша тиімді құрал, онда шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлық мәмілелер қадағаланады және олардың кірістерінің толық көрсетілуі бір мезгілде тексеріледі.

Сонымен қатар бастапқы бухгалтерлік құжаттарды электрондық түрде ресімдеу (орындалған жұмыстардың электрондық актілері және шарттар) енгізілді.

Жүйе онлайн режимде 24/7 жұмыс істейді.

Ағымдағы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жүйені пайдаланушылар саны 824 мыңды құрады.

870 млн. шот-фактура жазылды, тауарларға 46,5 млн. ілеспе жүкқұжат ресімделді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Азамат Панбаев хабарлады.

Тауарларды қадағалау тізбегін және тауар балансын құру, контрагенттердің өзара байланысын құру, тәуекелдерді басқару жүйесінде онлайн режимінде тауарсыз мәмілелерді анықтау үшін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің «Ахуалдық орталығы» кіші жүйесі әзірленуде.