Жарияланған күні: 02.03.2023 13:05
Өзгертілген күні: 02.03.2023 13:06

Мемлекеттік кірістер комитетінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмаған жағдайда электрондық шот-фактураларды жазып беруді шектеу бойынша түсіндірме берді. Өзгерістер 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.

Өзгерістер мен толықтырулар Салық кодексінің 19-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына, 95-бабының 2-тармағына, 96-бабына, 145-бабының 3-тармағына, 402-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы және 412-бабына енгізіліп, 13-тарау 120-1-баппен толықтырылды.   

Түзетулер «электрондық шот-фактураларды жазып беруді шектеу» пилоттық жобасын, тәуекел дәрежесі бойынша камералдық бақылаудың бұзылу дәйектемесін заңнамалық бекітуді және камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны орындау тәртібін қайта қарауды көздейді.

Осылайша, камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда мынадай шаралар қолданылады.

1. Тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы және олардың тәуекел дәрежесі қоса беріле отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолданады.

Бұл ретте тауарларды өткізу, жұмыстар мен қызметтер көрсету бойынша нақты айналым жасауды белгілеу мақсатында электрондық нысанда шот-фактуралар жазып берілгеннен кейін жүргізілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар болып табылады.

2. Тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтар бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жолдайды. Мұнда камералдық бақылау нәтижелері бойынша қалыптастырылатын стандартты хабарламалар.

3. Тәуекел дәрежесі төмен бұзушылықтар бойынша анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы және олардың тәуекел дәрежесі қоса беріле отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабархат ресімделеді.

Тәуекел дәрежесі жоғары хабарлама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда салық органдары электрондық шот-фактураларды жазып беруге шектеу қояды.

Электрондық шот-фактураларды жазып беруді шектеуді қолдану кезінде шот-фактура қағаз тасығышта жазып беріледі және шот-фактураларды жазып беруді шектеу жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне енгізілуі тиіс.

 Камералдық бақылау хабарламасын «формальді орындау» бойынша мәселені шешу мақсатында, түзетулер ұсынылатын түсіндірмелерге нақты талаптарды көздейді.

Сонымен, хабарламада көрсетілген тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтармен келіспеген жағдайда салықтық есептілікке енгізілген деректердің анықтығын растайтын салықтық және (немесе) бухгалтерлік есепке алулар (есепке алу) тіркелімдерінен үзінді көшірмелерді және (немесе) көрсетілген бұзушылықтарға қатысты құжаттарды қоса бере отырып, бұзушылықтардың жоқтығы туралы түсінікті ұсыну қажет.

Хабарламада көрсетілген тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтармен келіспеген жағдайда бұзушылықтарда көрсетілген операцияларды (мәмілелерді) жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, түсінікті ұсыну арқылы орындалады.

Түсінікте құжаттарды міндетті түрде қоса жолдап, хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеу мән-жайлары көрсетілуі тиіс.

Сондай-ақ, хабарламаны орындау тәртібі бөлігінде электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураларды кері қайтарып алуды, түзетуді немесе толықтыруды көздейтін толықтырулар енгізілді.

Банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі шаралар тек хабарламаны елемеген және/немесе тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану және талдауға қажетті құжаттардың базалық тізбесін ұсынбаған салық төлеушілерге қатысты ғана қолданылады.