
Нұра ауданының кейбір салық төлеушілері әлі де қателесіп Есіл ауданына салықтарын төлеуде. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
Астана қаласының Нұра ауданы бойынша жаңа мемлекеттік кірістер басқармасының құрылуына және мемлекеттік кірістер басқармасының БСН нөмірінің бекітілуіне байланысты Астана қаласының Нұра ауданында орналасқан жерін/тұрғылықты жерін өзгерткен салық төлеушілердің салықтық және әлеуметтік төлемдері бойынша дербес шоттардың сальдосы Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасынан Нұра ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына берілді.
Дегенмен, тіркеу есебін Нұра ауданы бойынша жаңа мемлекеттік кірістер басқармасына өзгерткен жекелеген салық төлеушілер ескі тіркеу бойынша Есіл аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына салықтар мен төлемдерді төлеуді жалғастыруда.
Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласының Нұра ауданында орналасқан/тұратын жерін өзгерткен салық төлеушілер Астана қаласының Нұра ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына салық және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу барысында құжатта
БСН 230540007190 және Мемлекеттік кірістер органының кодын 6208 көрсете отырып, жүргізуі қажет екенін түсіндіреді.
Салық төлеушілер өздері тіркелеген мемлекеттік кірістер басқармасының кодын «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасында және «e.gov» порталында тексере алады.