Жарияланған күні: 22.09.2022 18:50
Өзгертілген күні: 22.09.2022 18:56

Елорданың халықаралық әуежайында ер адам декларацияланбаған iPhone 14 алып өтпек болған

 

      2022 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласының "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайында "Әуежай-Астана" кеден бекетінде Дубайдан келе жатқан халықаралық әуе рейсі жолаушыларын кедендік бақылаудан өтуі кезінде кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, сатылымға шығарылмаған 11 дана көлемінде декларацияланбаған IPHONE 14 PRO маркалы ұялы телефондарды әкелу әрекетін анықтады.

      Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

      ҚР ҚМ 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығын сәйкес жеке тұлғалар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарларды жеке пайдалану үшін жатқызу критерийлерімен ұялы телефондар – 1 адамға 2 бірліктен аспауы тиіс.

      Ұсталған ұялы телефондар кедендік тазартудан өту үшін уақытша сақтау қоймасына орналастырылады.

      Осылайша, ҚР азаматы ұялы телефондарды декларацияламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

      Видео: https://www.youtube.com/shorts/2egk7Kbi9-A

      Қазіргі уақытта "Әуежай-Астана" кеден бекеті бақылауды күшейтіп, декларацияланбаған телефондарды алып жүрудің жолын кесу бойынша Астана әуежайының аралас қызметтерімен тексеру іс-шараларын жүргізуде.