Жарияланған күні: 22.06.2023 16:30
Өзгертілген күні: 22.06.2023 16:33

        Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде 2023 жылғы 8 маусымнан бастап веб-нұсқада ЭЦҚ авторизациялаудың баламасы ретінде QR-кодтың көмегімен авторизациялау мүмкіндігі берілген.

       QR-коды арқылы авторизацияны таңдау кезінде:

  1. "Жүйеге кіру" - "QR көмегімен кіру" түймесін басыңыз;
  2. Ұялы телефонда қосымшаны ашып, eGov mobile-ға кіріңіз;
  3. EGov mobile басты бетінде "eGov QR" түймесін басыңыз;
  4. ЭШФ АЖ веб-порталында көрсетілген QR-кодты ұялы телефон арқылы сканерлеп, қол қойыңыз, содан кейін экранда "қол қою сәтті орындалды!» хабарламасы көрсетіледі.

       Әрі қарай логин мен парольді енгізу қажет.

       Авторизация жұмысы бойынша QR-код арқылы сұрақтар туындаған жағдайда esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық поштаға хабарласуыңызды сұраймыз немесе байланыс орталығының 8 (7172) 72-78-72 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.