
Құрметті салық төлеушілер!
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 08.06.2023 ж. Астана қ. уақыты бойынша сағат 17:30-дан сағат 19:00-ге дейін "электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде жүйені тоқтаусыз жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілетінін назарға жеткізеді. Жүйені жаңарту веб-порталда авторизациялау бойынша қосымша функционалды қосу мақсатында жүргізіледі.
Веб-нұсқада ЭЦҚ авторизациялаудың баламасы ретінде кілтпен QR-кодтың көмегімен авторизациялау мүмкіндігі беріледі.
QR коды арқылы авторизацияны таңдау кезінде:
1. "Кіру" - "QR көмегімен Кіру" түймесін басыңыз;
2. Ұялы телефонда қосымшаны ашып, eGov mobile-ға кіріңіз;
3. EGov mobile басты бетінде "eGov QR" түймесін басыңыз;
4. ЭШФ АЖ веб-порталында көрсетілген QR-кодты ұялы телефон арқылы сканерлеп, қол қойыңыз, содан кейін экранда " қол қою сәтті орындалды!».
Әрі қарай, логин мен құпия сөзді енгізу керек.
Авторизация жұмысы бойынша QR-код арқылы сұрақтар туындаған жағдайда esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық поштасына немесе байланыс орталығының 8 (7172) 72-78-72 телефон желісі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.