
ҚР Қаржыминінің Мемлекеттік кірістер комитетінде қандай кәсіпкерлік субъектілері электрондық шот-фактураны жазып беруден босатылатыны туралы айтып берді. Жаңашылдықтар 2021 жылдан бастап қолданыста болады..
«Электронды шот-фактура (ЭШФ) жазып беру бойынша міндеттемелерді орындауды жеңілдету мақсатында Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитімен Пилоттық жоба іске қосылды.Оған сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін ЭШФ жазып беруден босату қарастырылған» - деп хабарлады МКК-де.
Пилоттық жобаны іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2021 жылғы 18 маусымдағы №588 бұйрығымен белгіленген.
ЭШФ жазып беру міндетінен:
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы шот-фактура жазып беруді талап еткен жағдайда, жеткізуші осындай талапты орындауға міндетті екендігін ескеру қажет.
Пилоттық жобаның қатысушылары болып жоғарыда көрсетілген талаптардың біріне сәйкес келетін салық төлеушілер танылады.