
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы»Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14603483) 2023 жылы 26 маусымға дейінгі мерзімге орналастырылған.
Осы Қағидалардың реттеуші құралдарды қалыптастыру шарттарына және (немесе) кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарға сәйкестігін қайта қарау (талдау) жүргізу барысында Қағидалардың кейбір тармақтарында бизнеске артық талап белгіленді.
Бизнеске артық талап белгілерді сәйкестендіру мақсатында Толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларына тиісті өзгерістер енгізіледі.