
2021 жылғы 1 қазанда тауарларға арналған декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды пайдалана отырып, тауарларды кедендік декларациялау тәртібіне өзгерістер енгізуді көздейтін Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 138 Шешімі күшіне енді.
Енді, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар баждар мен салықтар төленуге жататын тауарларды оңайлатылған тәртіппен кедендік декларациялау кезінде тауарларға арналған декларацияның электрондық түрін, ЕАЭО мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес кеден органы осындай электрондық түрді қалыптастыратын жағдайларды қоспағанда, ұсыну қажет болады.
Сондай-ақ Шешім мәліметтердің өзгеруі, төленуге жататын баждар мен салықтардың мөлшеріне әсер еткен жағдайда, тауарлар шығарылғаннан кейін тауарларға арналған декларацияға түзетулерді толтыру ерекшеліктерін, сондай-ақ өзге де жағдайларда өзгерістер енгізу тәртібін белгілейді.
Шешім, баждар мен салықтарды есептеу және төлеу туралы мәліметтерді көрсетуге біркелкі көзқарасты, сондай-ақ кедендік әкелу баждарын, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есепке алу және бөлу мәселелеріндегі ашықтықты қамтамасыз етеді.