Жарияланған күні: 21.12.2022 16:38
Өзгертілген күні: 21.12.2022 16:39

Жеке кәсіпкерді тіркеудің және сәйкесінше салық төлемеу себептерінің бірі салық міндеттемелерінің туындауынан қорқу екені жасырын емес. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов ОКҚ өткен брифингте хабарлады.

Мұндай міндеттемелерді оңайлату мақсатында онлайн платформалар (Yandex, Glovo, Wolt) арқылы қызмет көрсететін жеке тұлғалар үшін пилоттық жобаны жүргізу мәселесі қаралуда.

Пилот шеңберінде «E-salyk Business» мобильді қосымшасында ДК ретінде оңайлатылған тіркеуден өту кезінде салықтарды интернет-платформа ұстайтын болады.

Пилот сәтті аяқталған жағдайда біз салық, зейнетақы және әлеуметтік заңнамаға өзгерістер енгізуге кірісеміз, онда ДК тіркеусіз, ал «тәуелсіз қызметкер» ретінде қызмет көрсету мүмкіндігін қарастырамыз.

Яғни, интернет-платформада тіркелу кезінде жеке тұлғаға тәуелсіз қызметкер ретінде салық міндеттемесін орындау нұсқасын таңдау ұсынылады. Осыдан кейін кірістерді есепке алу және салықтарды есептеу МКК мобильді қосымшасымен интеграциялау жолымен интернет-платформамен жүргізілетін болады.

Осылайша, салық төлеуші салық міндеттемесін өздігінен (E-Salyq Azamat-та) немесе интернет-платформа операторы арқылы автоматты түрде орындай алады.