Жарияланған күні: 30.01.2024 15:51
Өзгертілген күні: 30.01.2024 15:54

     2023 жылдың қорытындысы бойынша ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру қорытындысы туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Ірі салық төлеушілер департаментінің директоры Инкар Елубай ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өткен баспасөз конференциясында айтып берді.

354 салық төлеуші мониторингте тұрған ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылады, оның 105-і жер қойнауын пайдаланушылар, 249-ы экономиканың түрлі секторларының ірі салық төлеушілері. 

Жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, мониторингте тұрған компаниялар бойынша 2023 жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджетке түсетін түсімдер 823,5 млрд. теңгеге немесе 36%-ға ұлғайып, 3 123,1 млрд. теңгені құрады (2022ж. – 2 299,6 млрд. теңге).

2023 жылдың қорытындысы бойынша салықтық әкімшілендіру шараларының нәтижесінде жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, ірі салық төлеушілерден бюджетке 162,1 млрд.теңге қосымша резервтер іздестірілді. 

Жалпы, 2023 жылы ірі салық төлеушілерге 36 салықтық тексеру аяқталды.  Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша 51,6 млрд. теңге –салықтар мен өсімпұлдар қоса есептелді. Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша жалпы бюджетке – 34 млрд. теңге өндіріліп алынды.

Әкімшілендіру сапасының жақсаруына тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып салықтық тексерулер тағайындау әсер етті. Бұл жүйені қолдану тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған салық төлеушілерге қатысты тексеру тағайындалатын тәуекел дәрежесін бағалау көрсеткіштері негізінде салықтық тексерулер үшін ірі бизнес субъектілерін дәл іріктеуге мүмкіндік берді. 

Салықтық тексеру ретіндегі бақылау шараларымен қатар, іс жүзінде салық салынатын базаны айқындау – ірі салық төлеушілер мониторингі мақсатында қаржы-шаруашылық қызметті талдау жүргізіледі.

       Қазіргі уақытта мониторинг Салық кодексінің 132-бабына сәйкес жүзеге асырылады, алшақтықтар анықталған жағдайда алдын ала жүргізілген талдау бойынша салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеудің дұрыстығын растайтын құжаттарды ұсыну туралы талап қойылады.

      Одан әрі, бұзушылықтар анықталған жағдайда ірі салық төлеушіге жазбаша түсіндірме беру құқығын бере отырып, осындай бұзушылықтар туралы хабарлама жіберіледі, түсіндірме ұсынумен келіспеген жағдайда ғана мемлекеттік кірістер органы уәжделген шешім шығарады және анықталған бұзушылықтар бойынша салықтық тексеруі тағайындайды.

      Қазіргі уақытта Комитет салықтық әкімшілендіруді оңайлату бойынша үлкен жұмыс жүргізуде.

      Оңайлату әлеуеті цифрлық шешімдерді енгізуден және қашықтықтан басқаруды дамыту арқылы жүзеге асады, оның басымдылығы жаңа жоба – деңгейлес мониторинг болып табылады.

     Деңгейлес мониторинг – бұл ірі салық төлеушілердің салық мониторингінің бөлігі болып табылатын салықтық бақылаудың жаңа нысаны.

     Деңгейлес мониторинг дәстүрлі салықтық тексерулерді алмастыратын ақпараттық шешімдер арқылы мемлекеттік кірістер органдары мен салық төлеуші арасында онлайн-ақпарат алмасуды көздейді.

     Бұл ретте, салық төлеушілер тәуекелдер бойынша бақылауды енгізе отырып, бастапқы құжаттарға дейін салық есептілігін ашу жолымен қажетті ақпаратты ашады, бұл ұсынылатын құжаттардың көлемін азайтуға және тәуекелге бағдарланған мониторингті енгізуге мүмкіндік береді.

    Деңгейлес мониторинг ынтымақтастық, негізделген сенім, заңдылық, ашықтық және кеңейтілген ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаттарына негізделетін болады, бұл даулы мәселелерді сотқа дейінгі тәртіппен реттеуге мүмкіндік береді.

    Осылайша, деңгейлес мониторинг салықтық тәуекелдерді (өсімпұлдар мен айыппұлдарды) едәуір төмендетуге, сондай-ақ бюджетке уақтылы түсімдермен қамтамасыз етуге және 3 жылдан астам уақытқа созылуы мүмкін салықтық тексерулердің қорытындысы бойынша ұзақ дауларды болдырмауға мүмкіндік береді.

     Пилоттық жобаға қатысушылар мемлекеттік кірістер органдарымен сенімді әріптестік қатынастарға, адал салық төлеушілерді мойындауға және ішкі және жаһандық нарықта компаниялардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға сене алады.

     Бүгінгі күнде шетелден елге активтерді қайтарудың тиімді тетігін әзірлеу мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

      Мемлекет басшысының Жарлығымен 2023 жылғы 5 қазанда Бас прокуратураның Активтерін қайтару комитет құрылды, ол активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

     Бұл ретте активтерді қайтару, оларды заңсыз сатып алуға және шығаруға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою, барлық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Комитеттің құзыретіне әсер ететін ортақ мақсат болып табылады.

     Осыған байланысты Комитет халықаралық ынтымақтастықты, оның ішінде капиталдың елден кетуіне қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды күшейту бойынша жүргізеді, қосымша ақпараттар Бас прокуратураның Активтерді қайтару комитетіне жолданады.