Жарияланған күні: 13.10.2021 10:36
Өзгертілген күні: 16.11.2021 12:34

Кейбір жағдайларда ЭШФ жазып беру талап етілмейді. Бұл, сондай-ақ, жеке тұлғаларға жеке пайдалануы үшін тауарларын сатқан сатушыларға да қатысты. Тағы да қандай жағдайларда ЭШФ жазып бермеуге болатынын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде айтып берді.

Пилоттық жоба қағидаларына (Қағидаларға сілтеме: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023152) алып қою тізбесіндегі тауарларды, импортталған тауарларды, "Виртуалды қойма" модуліне келіп түскен тауарларды: 

1) сатып алынған тауарды жеке, отбасылық, үй ішінде немесе кәсіпкерлік қызметке байланысты емес өзге де пайдалану (түпкілікті тұтыну) мақсатында пайдаланылатын жеке тұлғаларға өткізу кезінде;

2) ҚҚС төлеушілері болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес микро кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын салық төлеушілермен жеке және заңды тұлғаларға өткізу кезінде электронды шот-фактура жазып беру, сонымен қатар бір күнде өткізген тауарлар үшін ЭШФ-ны жазып беру талап етілмейді.

Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес 2022 жылдан бастап аталған салық төлеушілер тауарларды: 

1) сатып алынған тауарды жеке, отбасылық, үй ішінде немесе кәсіпкерлік қызметке байланысты емес өзге де пайдалану (түпкілікті тұтыну) мақсатында пайдаланылатын жеке тұлғаларға өткізу кезінде;

2) жеке тұлғаларға және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес микро кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын салық төлеушілерге өткізу кезінде электронды шот-фактура жазып беру талап етілмейді.

«Осылайша, 2021 жылы алып қою тізбесіндегі тауарларды, импортталған тауарларды, "Виртуалды қойма" модуліне келіп түскен тауарларды сату кезінде ЭШФ жазып беру бойынша міндеттемені анықтау үшін Пилоттық жоба қағидаларын басшылыққа алу қажет, ал 2022 жылы Салық кодексінің 412-бабының 1 және 13 тармақтарының ережелерін басшылыққа алу қажет», - деп атап өтті МКК-де.

«Сондай-ақ, қолданыстағы тауарларға ілеспе жүкқұжаттар ережелеріне, сондай-ақ тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу жөніндегі пилоттық жобаға сәйкес жеке тұлғалардың атына тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу міндеттемелерінің жоқ екенін хабарлаймыз».