Жарияланған күні: 08.08.2019 16:04
Өзгертілген күні: 08.08.2019 16:04

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

8 тамыз 2019 ж.                                                                                                       К/Б «Қапланбек»

 

«ҚАПЛАНБЕК» КЕДЕН БЕКЕТІНДЕГІ КЕПТЕЛІС: ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДА ҚҰЖАТТАР ЖОҚ, КӨЛІКТЕРДІҢ АВТОТҰРАҚТАН ШЫҒУ ТӘРТІБІ САҚТАЛМАЙДЫ

 

 

Іс жүзінде, күніне «Қапланбек» кеден бекеті арқылы 210 автокөлік өтеді, ал посттың өткізу қабілеті бар-жоғы 100 автокөлік құралдарын құрайды. Бірінші кезекте тірі жануарлармен, тез бұзылатын тауарлармен, ағашпен және т.б. жүктелген көліктер қозғалады.

 

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев және мемлекеттік жергілікті басқару органдарының басшыларымен Өзбекстанға негізінен ағаш экспортымен айналысатын тасымалдаушылармен жұмыс кездесуі Түркістан облысының «Қапланбек» кеден бекетінің аумағында өтті.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тасымалдаушылардың наразылығына қатысты көлік тұрақтарында ұзақ уақыт тұруына, кеден органдарының іс-әрекеттеріне көліктердің үлкен кептелісіне байланысты мәселелерді қарастырып талқылады.

«Қапланбек» кеден бекетінің қызметі аумағында жұмыс істейтін жеке автотұрақты тексеру кезінде қажетті инфрақұрылым, тамақтану пункттері, тұру және автокөліктерге қызмет көрсету станциялары жоқ екендігі анықталды.

Тасымалдаушылармен әңгімелесу кезінде автокөліктердің тоқтап қалуының нақты себептері анықталды – тасымалдау құжаттарының болмауы, сондай-ақ, автокөліктердің автотұрақтан кетуінің ұйымдастырылмаған тәртібі.

«Жібек жолы», «Атамекен», «Б.Қонысбаев», «Қазығұрт» өткізу бекеттерінде бұл мәселелер ұқсас сипатқа ие.

Кездесудің қорытындылары бойынша, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне өткізу пункттеріндегі өткізу қабілетін арттыру, соның ішінде кедендік рәсімдерді тездету бойынша жедел шараларды қабылдау тапсырылды. Заңсыз кәсіпкерлік қызмет үшін автотұрақтарға қатысты тексеру жұмыстары жүргізілетін болады.

Өз кезегінде, Түркістан облысының әкімдігіне көлік тұрақтарын ұйымдастыру, керекті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жасау бойынша ұсыныстар берілді.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)