Жарияланған күні: 22.12.2022 13:05
Өзгертілген күні: 22.12.2022 13:06

Аванстық төлемдер сомасын төмендетуді Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ірі салық төлеушілерге қатысты жүргізіліп жатқан салықтық әкімшілендіру шеңберінде анықтады.

2017 жылы камералдық мониторинг жүргізу кезінде корпоративтік табыс салығы бойынша нақты есептелген салықтан аванстық төлемдер сомасын төмендету белгіленді.

Осыған байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 278-бабының 3-тармағы бойынша 1,3 млрд.теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл сомасына әкімшілік материал жасалды. Материалдар әкімшілік сотқа берілді.

21.12.2022 жылы Қарағанды облыстық соты «АрселорМиттал Теміртау» АҚ апелляциялық шағымын қарау шеңберінде Қарағанды облысының МКД дәлелдерін қолдады және әкімшілік айыппұл күшінде қалды.