Жарияланған күні: 21.05.2021 18:14
Өзгертілген күні: 21.05.2021 18:12

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан – Ресей шекарасындағы жағдайға қатысты

 

21 жылғы 2021 мамырдағы жағдай бойынша Ресейдің Маштаково автомобиль өткізу пунктінде Ресей Федерациясының аумағында 365 бірлік көлемінде жүк автомобильдерінің жиналуы байқалады. Осыған орай, Мемлекеттік кірістер комитетінде халықаралық тасымалдаушыларға жолға шығар алдында Ресей Федерациясымен шекарадағы қозғалыс бағытын алдын ала түзетуге кеңес берді.

Айта кету керек, Ресей Федерациясының "Маштаково" автомобиль өткізу пунктінде жүгі бар автомобиль көліктеріне қатысты толық тексеру үшін міндетті түрде технологиялық өту қажет. Технологиялық өту болмаған жағдайда Ресей Федерациясының Шекара қызметі жүк түсірумен автомобиль көліктерін тексереді, бұл көп уақытты қажет етеді.

Сондай-ақ, Ресей Федерациясының Шекара қызметінің қызметкерлері келесі құжаттардың болуы үшін жүгі бар автомобиль көліктеріне қатысты тексеру шараларын жүргізуде: көлік құралына сақтандыру полисі, жүргізуші карталары, сертификаттар.​

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының "СЫРЫМ" және Ресей Федерациясының "МАШТАКОВО" автомобиль өткізу пункті арқылы кедергісіз өту үшін жүк көлік құралдарын шекаралық бақылауды жүзеге асыру жағдайларын қамтамасыз ету үшін Технологиялық өткелдерді жабдықтау шарттарын сақтау қажет, сондай-ақ тоқтап қалуды болдырмау үшін халықаралық тасымалдаушыларға көлік құралдарын тиеу жөніндегі ұсынымдарды және автомобиль көлік құралдары мен тасымалданатын жүктерге тиісті құжаттар пакетінің болуын сақтау қажет.

Шығар алдында СЭҚ қатысушыларына Ресей Федерациясымен шекарадағы қозғалыс бағытын алдын ала түзетуді ұсынамыз.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті экспорттық бақылау басқармасының қызметкерлері "Сырым" автомобиль өткізу пунктінде штаттық режимде жұмыс жүргізуде.