Жарияланған күні: 09.02.2022 09:01
Өзгертілген күні: 09.02.2022 09:16

Қаржы министрлігімен «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты (бұдан әрі – РСКК) әзірленді.

РСКК әзірлеуге Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы тапсырмасы негіз болды, онда Үкіметке жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңды әзірлеуді бастау тапсырылды.

Бұл заңнамалық жұмыс азаматтарға қарыз жүктемесін азайтуға және сол арқылы қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті азайтуға мүмкіндік беруге бағытталған.

Шешу үшін заңнамалық реттеу талап етілетін проблемалар ретінде экономикалық және қаржылық дағдарыс, оның ішінде қаржылық қиындықтарды жеңуге мүмкіндігі жоқ несие берушілердің, соттардың, мемлекеттік органдардың және көптеген борышкерлердің ресурстарды тиімді пайдаланбауы болып табылады.

РСКК-да сипатталған мәселені шешу жолдары ұсынылды және ағымдағы жағдайды, халықаралық тәжірибені және реттеудің ұсынылатын тетіктерін талдау қосылды.

Бұл РСКК http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына 2022 жылдың 6 ақпанында орналастырылған.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2022 жылдың 25 ақпанына дейін.